"Сенім" медициналық клиникасының оңалту орталығы

"Сенім" медициналық клиникасының оңалту орталығы
Оңалту орталығының мамандары - науқастардың денсаулығының жақсаруына және мүгедектердің белсенді өмірге аяқ басуына аянып қалмайды. Тәжірибесі мол ақ халатты абзал жандар қайта қалпына келтіру терапиясы негізінде жұмыстар жүргізеді. 
Оңалту орталығының міндетіне - туа біткен кемістігі бар,   тірек-қимыл жүйесі, жүйке жүйесі аурулары және т.б. дертке шалдыққан  балалар мен жасөспірімдерге медициналық және психологиялық көмек көрсету болып табылады. 
Балаларға бұл орталықта ем-дом қабылдау және оңалту кезеңінен өтуге мүмкіндік берілген,  сонымен қатар амбулаториялық негізде күн сайын процедурадан өтуге кедергі жоқ. Орталық мамандары дамуында ауытқуы бар балаларға көмек қолын созуға дайын.