Медициналық қызметкерлерге арналған психологиялық тренинг өтті

Медициналық қызметкерлерге арналған психологиялық тренинг өтті
Маңғыстау облыстық ауруханасының инсульт бөлімінде психолог Бағдат Аяпованың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өткізілді.
 
Шараның басты мақсаты: карантин кезінде ұжым арасында психоэмоционалдық жағдайды қалпына келтіріп, ақ халатты абзал жандар арасындағы өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым-қатынастарын нығайту одан әрі нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.
Қай кезде болмасын таңның атысы, күннің батысы демей қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халаттыларға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді.
Ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге де көңіл аударған жөн. Себебі олар кез-келген аурумен күресте алдыңғы шепте жүреді. Оның үстіне қазіргідей қауіпті Covid-19 індеті күллі әлемді қаусырып тұрғанда дәрігерлердің жауапкершілік жүгі бұрынғыдан да ауырлай түсті.
"Біздің қатарымызда өздерін тәжірибелі маман ретінде көрсете білген әріптесіміз аз емес, біз олардың әр қайсысымен мақтанамыз. Дені өздерін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің заманауи әдістерін меңгерген жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Сондықтан да осындай тренингтердің берері көп", - дейді психолог Бағдат Аяпова.