Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас
Ұжым - бұл өзара байланысты адамдар мен жеке тұлғалардың көптеген топтарынан тұратыны белгілі. Ал жеке тұлғаға келетін болсақ- ішкі рухани әлемін көру арқылы, қоғамдық қарым-қатынасының, психологиялық және физиологиялық әрекетін байқауға болады.
 
Мәселен, медицина қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді және оларға сапалы қызмет көрсету жүктелген. Алайда қызмет бабында жүріп өзін ұстай алмай, эмоцияға берілетіндер бар. Әсіресе, науқаспен тілдескен кезде мұндай әрекет абырой бермесі анық.
 
Осындай әрекеттерге жол бермеу үшін түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Соның бірі семинар-тренинг, жуырда ғана медициналық мекемеде өткізілген болатын.
 
Атап айтқанда, Маңғыстау облыстық ауруханасының шұғыл медициналық көмек бөлімінің психолог-маманы Маржан Мұстафина ұжым арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған тренинг ұйымдастырды. Оған 30-ға жуық ақ халатты абзал жандар қатысты.