Қоғамдық коммуникациялар алаңында кезекті брифинг

Қоғамдық коммуникациялар алаңында кезекті брифинг
Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар алаңында өткен кезекті брифингте журналистердің сұрақтарына облыстық модульді стационардың басшысы Шайахмадин Берқалиев жауап берді.
 
Оның мәліметінше, медициналық орталықта 18 науқас ем алып жатыр. Соның ішінде, алтауының тест сынамасы оң нәтиже берді. 7-і жансақтау бөлімінде жатыр. Ал тағы екеуі жасанды демалу аппаратына қосулы. Емдеу шаралары уақытылы жүргізіліп, қабылдау бөлімі тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс істейді.
 
«Орталықта 24 сағат бойы қызмет көрсететін рентген кабинеті мен КТ бөлмесі бар. Жансақтау бөлімінде екі медициналық-медбикелік пост, 2 санитарлық пост және 1 дәрігерлік пост жұмыс істейді. Күндіз жансақтау бөлімінде 2 реаниматолог дәрігер қызмет атқарады. Инфекциялық бөлімінде 11 науқас жатыр. Оттегі аппаратына орташа жағдайдағы 4 адам қосулы. Модульді стационарға негізінен, 55 жастан жоғары адамдар түсіп жатыр. Науқастар жағдайының нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп», - деді Шайахмадин Берқалиев.