МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 57 НАУҚАС ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 57 НАУҚАС ЖАТЫР
МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 57 НАУҚАС ЖАТЫР
 
Маңғыстауда 04 қарашасында жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 60 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстың коммуникация орталығы хабарлайды. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 60 науқастың ішінде 7-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 8 науқас жатыр. Оның 8-нің жағдайы ауыр халде.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп болып отыр, Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 18 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43. Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.