Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында а.ж. 3-30 маусымы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шаралары өткізілді. Талдау нәтижелері 2024 жылғы 30 маусымдағы аналитикалық анықтамамен қорытындыланды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы шеңберінде 2024 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқанының болатыны туралы хабарлайды
+
2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай
Маңғыстау облысы
әкімдігінің 2024 жылғы
«_____»___________
№_____ қаулысына
қосымша
Резидентура
2023-2024 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
|
№
|
Коды |
Атауы |
2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны) |
Жылына 1 дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
||
|
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары |
басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары |
|||||
|
1 |
7R09 |
Денсаулық сақтау (медицина) |
35 |
1 939,9 |
1 811,3 |
|
«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№ 1 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК -да байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс туралы хабарлайды:
Конкурс өткізу күні мен орны: 2024 жылғы 24 маусым. Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат.
Кәсіпорынның орналасқан орны: 130000, Ақтау қаласы, 7 шағынаудан, 35 ғимарат,
«А» корпусы, «№ 1 Ақтау қалалық емханасы».
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыру, азаматтардың ауруларын диагностикалау мен емдеу, облыс тұрғындарына мамандандырылған, тиімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, азаматтардың денсаулығын нығайту;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды: жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте
кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) 130000, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат, «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағытталуы;
2) Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «№ 1 Ақтау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК - ның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "2024 жылғы
24 маусым сағат 10-00 ге дейін ашуға болмайды".
Конкурстық өтінім «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (№ 201 кабинет), Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы,
3 шағын аудан, № 100 ғимарат мекенжай бойынша жіберіледі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 (7292) 30-20-44.
Хабарландыру мәтіні
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында 2024 жылға арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемдерін орналастыру рәсім жүргізеді. МӘМС жүйесінде 2024 жылға жоспарланған көрсетілетін қызметтер көлеміне өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 11 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау субъектілері жоспарланып отырған көлемдерге өтінімді денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында https://fms.ecc.kz сілтеме бойынша бере алады
Текст объявления
НАО «Фонд социального медицинского страхования» проводит дополнительные процедуры размещения объемов услуг в рамках ГОБМП и в системе ОСМС на 2024 год среди субъектов здравоохранения, включенных в базу данных. Прием заявок на планируемые объемы услуг на 2024 год осуществляется с 01 декабря по 11 декабря 2023 года. Субъекты здравоохранения могут подать заявку на планируемые объемы на веб-портале закупа услуг у субъектов здравоохранения по ссылке https://fms.ecc.kz/.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына сәйкес, 2023 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқанының басталғаны туралы хабарлайды.
Тәсілмен алдағы қайта сатып алу туралы хабарландыру баға ұсыныстарын сұрау
Өткізілмеген сатып алуларға байланысты"Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ 2023 жылға арналған "көмейдің стенозы, созылмалы канюленосер" нозологиялары бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Ақтау қ., 3 шағын аудан., 100 ғимарат.
Атауы - пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде), сауда маркасы және өндірушісі көрсетілмеген медициналық бұйымдардың атаулары және олардың қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, беру орны, әрбір дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға сатып алу үшін бөлінген сомалар
Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі - Ақтау қаласы 3 шағын аудан, 100 ғимарат , каб. 301. 2023 жылғы 16 тамыз сағат 10:00-ге дейін;
Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны-2023 жылғы 16 тамыз сағат 11:00-де, Ақтау қаласы: 3 шағын аудан, 100 ғимарат, 1 қабат, мәжіліс залы.
Құжаттама пакетін "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы"мемлекемемлекеттік мекемесінің ресми сайтынан алуға болады.
Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Барлық материалдар"Құжаттар" бөлімінде орналастырылған
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7292) 30-20-52 телефоны арқылы алуға болады.
Алдағы тендер туралы хабарландыру
"Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ 2023 жылға арналған "буллезді эпидермолиз" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы:
"Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Ақтау қ., 3 шағын аудан., 100 ғимарат
Сатып алынатын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы, сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары, саудалық атауы – пациенттің жеке өзіне жақпаған кезде сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома - тендерлік құжаттамаға сәйкес.
Жеткізу мерзімі мен шарттары - тендерлік құжаттамаға сәйкес;
Тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзі-тендерлік құжаттамаға сәйкес;
Құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны және тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі - Ақтау қаласы 3камауданы. 100 үй, каб. 301. 2023 жылғы 29 тамызда сағат 10:00-ге дейін;
Тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны-2023 жылғы 29 тамыз сағат 11:00-де, Ақтау қаласы: 3 ш / а., 100 үй, 1 қабат, мәжіліс залы.
Тендерлік құжаттама пакетін "Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы"ММ ресми сайтынан алуға болады.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Барлық материалдар "Құжаттар" бөлімінде орналастырылған
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7292) 30-20-52 телефоны арқылы алуға болады