МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «ALEM AI» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
12 маусым күні Маңғыстау облысының делегациясы Астана қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан ашылған «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.
Делегация құрамында Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының м.а Даниал Шманов және цифрлық технологиялар басқармасы басшысы м.а Атамұра Балтабай болды. Сапар барысында делегация орталықтың негізгі бағыттарымен, инфрақұрылымымен және жасанды интеллект саласындағы заманауи бастамаларымен танысты.
Атап айтқанда, жасөспірімдердің технологиялық дағдыларын дамытуға бағытталған TUMO бағдарламасы және Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект мектебі — Tomorrow School жобаларының жұмысымен танысты. Кездесу барысында аталған білім беру бастамаларын алдағы уақытта Маңғыстау облысына енгізу мүмкіндіктері мен өңір жастарына арналған жаңа білім беру экожүйесін қалыптастыру бағытындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, орталықтағы инновациялық жобаларды қолдау құралдары, зерттеу алаңдары және халықаралық технологиялық компаниялармен бірлескен бастамалар ұсынылды.
Кездесу аясында өңірде цифрлық трансформацияны дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және инновациялық экожүйені нығайту бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қарастырылды. Маңғыстау облысында цифрлық технологияларды дамыту және өңір жастары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. осыны аударшы