Ақтауда байланыс саласының қызметкері марапатқа ие болды

Ақтауда байланыс саласының қызметкері марапатқа ие болды

Ақтауда байланыс саласының қызметкері марапатқа ие болды

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, Байланыс жұмыскерлері күніне орай Маңғыстау облысының байланыс саласының маманы «Байланыс саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Аталған ведомстволық наградаға «Қазақтелеком» АҚ филиалы - «Желі» дивизионы бірлестігінің Маңғыстау қатынау желісін пайдалану департаменті, Жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығының басшысы Асқар Альбеков ие болды.

Маман байланыс және информатизация саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, өңірдегі телекоммуникация желілерін дамытуға, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және байланыс жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.

Айта кетейік, Асқар Альбеков еңбек жолында бірнеше өндірістік міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, кәсіби біліктілігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген.