Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111» байланыс орталығы 2023 жылдың қазан айында жұмысын бастады.
«111» байланыс орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ болып белгіленді.
«111» байланыс орталығының қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған, әлеуметтік көмек пен құқықтық қолдауды қажет ететін әйелдер мен балаларға тәулік бойы консультативтік көмек көрсетеді, тұрмыстық зорлықзомбылық, қорлау, қорлау құрбаны болған азаматтардың өтініштерін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды.