«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.

Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 1 шілдеге дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (3 шілдеден 17 шілдеге дейін).

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.

Толық ақпаратты қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.
 
Байланыс телефондары:
Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;
Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;
Бейнеу ауданы: 8(72932) 2-10-17;
Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;
Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;
Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;
Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.
 
#Otbasym2024
#Мерейліотбасы2024