
АҚЖІГІТ АУЫЛЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
2025 жылғы іс-шара жоспары бойынша орталық алаң аумағын абаттандыру жұмыстары басталды.
Жобада заманауи сахна орнату, 2920 кв.м жерге брусчатка, диодты жарықшамдар, скамейка, қоқыс жәшіктерін қою, ағаш отырғызу және алаң аумағын шарбақпен қоршау қарастырылған.
Жобаның орындалу мерзімі 2 айға дейін есептелген, жұмыстар бақылауда болады.
АҚЖІГІТ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ