Қоғамдық тыңдау өтті!

Қоғамдық тыңдау өтті!

2026 жылғы 08 маусымда “Ақтау энергетикалық компаниясы” ЖШС-нің «Қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысына дейінгі жоғары қысымды жерасты газ құбырын салу» жұмыс жобасына арналған Қоршаған ортаны қорғау бөлімі және табиғатты қорғау іс-шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдау барысында жобаның негізгі технологиялық шешімдері таныстырылып, атмосфералық ауаға әсері, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқару, су тұтыну мен су бұру көлемдері жөніндегі экологиялық ақпарат ұсынылды. Тыңдауға қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстары мен сұрақтарын жолдады.