Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Өмірзақ ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Зәкібай мен оның орынбасары Н. Құлтөреұлы мен бірлесіп ауылымыздың тыл ардагерлері мен ауған соғысының ардагерлерін арнайы құттықтады.

Шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылып, мерекелік сый-сияпаттар табысталды. Ел тыныштығы мен бейбіт өмір жолында еңбек еткен және қызмет атқарған ардагерлердің ерлігі мен еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық пен бақ-береке тілейміз!