СЕРІК СМАДИЯРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

СЕРІК СМАДИЯРҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

“Ақ желкен” тұрғын массивінің тұрғыны, ағаш шебері Серік Смадиярұлының көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде қазақ батырларының бейнелері, киіктер мен аққулардың ағаштан жасалған туындылары таныстырылды.

Аталған іс-шараға Өмірзақ ауылының әкімі Бисенғали Кенжалиев, Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Н. Құлтөреұлы, №27 мектеп директоры, сондай-ақ балабақша бүлдіршіндері мен ауыл тұрғындары қатысты.