АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Өмірзақ ауылы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында “Ашық есік күні” өткізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер бойынша кең көлемде ақпарат берілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, сондай-ақ электрондық форматта қызмет алу мүмкіндіктері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.

Аталған іс-шара тұрғындар тарапынан оң бағасын алып, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға өз үлесін қосты.