
«Оймаша» тұрғын массивінде орналасқан кәсіпкерлік нысандары өздеріне тиесілі аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ғимараттардың маңын қоқыстан тазалады.
Тазалық жұмыстары аясында нысан иелері аумақтарды ретке келтіріп, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалап, айналаның көркеюіне үлес қосты.