
Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының бас маманы М. Мусаев атаулы әлеуметтік көмек және біржолғы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша Батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандарымен тәжірибе алмасты.
Тәжірибе алмасу барысында әлеуметтік саладағы жұмыс тәртібі, құжат рәсімдеу үдерісі және азаматтарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.