
Өмірзақ ауылындағы аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында Ақтау қаласының халықаралық әуежайы тарапынан азық-түлік көмегі көрсетілді. Бұл игі шара мұқтаж отбасыларға әлеуметтік қолдау білдіріп, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.
Көрсетілген көмек пен жанашырлық үшін Ақтау қаласының халықаралық әуежайы ұжымына алғыс білдіреміз.