
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтау қаласында қыз-келіншектерге, аналар мен әжелерге ерекше құрмет көрсетіледі. Мерекелік күні қалалық қоғамдық көліктерде әйел жолаушылар үшін жол жүру ақысыз болады.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, нәзік жандылар №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 және 12 бағыттағы автобустарда тегін қатынай алады.
Қоғамдық көліктер күнделікті кесте бойынша сағат 06:40-тан 21:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі