
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның қасиетті нышандары, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің айқын белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухының көрінісі.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз. Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігі бекем болсын!
Мереке құтты болсын!