(Малды бірдейлендіру не үшін қажет?)
ҚР «Ветеринария туралы» заңының 25-бабы, 32-бабы талаптарына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жануарлар арасында аса қауіпті, жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында, меншігіндегі малын бірдейлендіруге (ветеринариялық есепке қоюға, тіркеуге) міндетті!
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің № 7-1/68 (30.01.2015ж.) бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары» талабына сәйкес, малдың тек жаңа туған төлі (туғаннан кейін 21 күн ішінде) бірдейлендіріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамаларында, мал басына (оның барлық түрлеріне) салық салу көзделмеген, сондай-ақ басқа елдерде (мемлекеттерде) де мұндай мәселе жоқ!
Малыңызды бірдейлендірудің (есепке қоюдың, тіркеудің) мынадай артықшылықтары бар:
1) ҚР заңнамаларында көзделген ретте, тіркеулі малыңыз үшін мемлекет тарапынан (сондай-ақ банктерден, несие беру ұйымдарынан, т.б.) көмектер, қолдаулар (субсидиялар, несиелер, т.б.) алған кезде;
2) Малыңыз арнайы Тізбеге енгізілген аурулармен ауырып, өлген жағдайда – өтемақы алу үшін;
3) Сондай-ақ (егер малыңыз электронды тәсілмен бірдейленген болса), басқа адамдармен арада малдың кімдікі екендігі туралы даулы мәселе туындаған немесе малыңыз ұрланып (жоғалып), табылған жағдайларда - малыңызды оңай (қиындықсыз) қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ