📍“Ақтау қалалық ветеринариялық станциясына” қарасты Өмірзақ ауылдық округінің ветеринариялық пункті ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуде. 🐄
Бұл шаралар жануарларды есепке алу және бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында атқарылып жатыр.
Әр малға арнайы сәйкестендіру нөмірі мен ветеринариялық паспорт беріліп, деректер Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (АШЖБ) базасына енгізілуде.
Мұндай жұмыстар малдың саулығын сақтауға,
аурулардың алдын алуға және
ауылдағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.