Бүгін, 5 шілде күні «Астана күні» мемлекеттік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген жалпықалалық сенбілікке Маңғыстау облыстық Ветеринария басқармасының басшысы және қызметкерлері белсене қатысты.
Акция барысында қала аумағындағы тазалық жұмыстары жүргізіліп, тиісті аумақ қоқыстан тазартылды. Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндетіміз!