Qalleki театр лабораториясы «Шеңбер» қойылымының премьерасын ұсынды

Qalleki театр лабораториясы «Шеңбер» қойылымының премьерасын ұсынды

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрерменге «Шеңбер» атты жаңа қойылым ұсынды.

Қойылым әйгілі неміс драматургі Бертольт Брехттің әлемдік театр классикасына айналған «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған. Qalleki театр лабораториясы ұсынған қойылым театр сүйер қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

«Шеңбер» — адамгершілік, әділет және ана махаббаты секілді тақырыптарды қозғайтын терең мазмұнды қойылым. Эпикалық драма жанрында сахналанған бұл туынды көрерменді түрлі сезім мен ойға жетелеп, уақыт пен кеңістіктен тыс адамзаттық құндылықтарды таразылауға мүмкіндік береді.

Спектакльде Брехтке тән оқшаулану әдісі қолданылған, бұл эпикалық драманың ерекшеліктерінің бірі ретінде актерлік ойын мен көрермен арасындағы байланысты жаңаша ұғынуға жол ашады. Қойылым көрерменнің жан дүниесін қозғап қана қоймай, адамгершілік туралы терең ой салады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі