Астанада мемлекеттік басқаруда жасанды интеллекті қолдану бойынша халықаралық семинар өтті

Астанада мемлекеттік басқаруда жасанды интеллекті қолдану бойынша халықаралық семинар өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана мемлекеттік қызмет хабы «Халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуда жасанды интеллектің рөлі» тақырыбында екі күндік семинар практикум ұйымдастырды. Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтті.

Семинарға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қыземеткерлері, сарапшылар және Грузия елінен халықаралық серіктестер қатысты.

Жиында қатысушылар мемлекеттік басқаруда жасанды интеллекті қолданудағы өзекті трендтерді талқылап, азаматтармен кері байланыс сапасын арттыру үшін игерілген практикалық сабақтар өтті.

Атамыш семинар жасанды интеллект мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айланып, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқындай түсті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі