Халықаралық музейлер күні қарсаңында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ночь легенд у костра: түнгі Бозоққа саяхат» атты фестиваль ұйымдастырды. Іс-шара Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағында өтті.
Аталмыш іс-шара көне музыка, салт-дәстүрлер, ғалымдардың естеліктері мен әңгімелері арқылы өткенмен байланыс орнатты. Кеш бұрынғы заманды еске түсіретін керней мен дабылдың үнімен басталды.
Мұражай тарихында тұңғыш рет Қазақстанның қазіргі астанасының мың жылдық тарихы бар Бозоқтың ортағасырлық ескерткішін зерттеуге арналған алғашқы экспедицияға қатысқан археологтар «От жағу» рәсімін өткізді. Жас ғалымдар бір кездері Қазақстан археологиялық мектебінің негізін салушылардың бірі Кемел Ақышевтың жетекшілігімен жұмыс істеді.
Фестиваль бағдарламасы дәстүрлі әнмен жалғасты. Орталық концерт залының әртістері Ұлы даланың материалдық емес мәдени мұрасын сақтаудың маңызын атап өтті.
Кеште от басында археологтар мен этнографтар қонақтарға археологияға байланысты естеліктер мен аңыздар айтып, туған жер тарихы туралы тың ақпаратты бөлісті.
Айтылған әңгімелер өткен мен бүгінді байланыстырып, түнгі саяхатқа қатысушыларға туған өлке тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында «Отпен аластау» дәстүрі орындалды, осылайша ата-бабадан қалған киелі дәстүр жалғасын тапты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі