Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған «Спокойно видеть сны» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған «Спокойно видеть сны» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті

6-7 мамыр күндері Алматы қаласында Мемлекеттік академиялық корей театрының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Спокойно видеть сны» атты музыкалық-поэтикалық концерті өтті.

Театр ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына адам жанкештілігі, өшпес жады және соғыс жоя алмаған махаббат туралы шынайы, ілтипатпен өрілген, жүрекке жылы концерт ұсынды. Шара барысында «Эх, дороги», «Тёмная ночь», «Журавли», «На безымянной высоте», «Синий платочек», «Катюша», «От героев былых времён» сынды әндер шырқалды. Сондай-ақ, Мұқағали Мақатаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Отан, ана, бейбітшілік тақырыбындағы өлеңдері оқылды.

Сахнада соғыс жылдарындағы әндердің үні мен ауыр кезеңде жазылған қазақ поэзиясының жыр жолдары қайта тіріліп, көрермен қошеметіне ие болды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі