Астанада «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті

Астанада «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті

Астанада «SARAP» сарапшылар клубының отырысы өтіп, екі тақырыптық сессия форматында ұйымдастырылды. Атап айтсақ,«Цифрландыру және жасанды интеллекттің азаматтық қоғамға әсері: мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» және «Ұлы Жеңіс. Тарих және тағылым» тақырыбында отырыс өтті.

Іс-шараға мемлекеттік орган, сарапшылар, ғалымдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста сарапшылар цифрлық технологиялар мен жасанды интелект құралдарын азаматтық бастамаларды тиімді етуге, қоғам мен билік арасындағы байланысты күшейту қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қоса қазақ тілін дамытуға арналған жасанды интеллектке негізделген жобалар мен мемлекеттің жасанды интеллект экожүйесі дамытуға байланысты қабылдап жатқан шаралар туралы сөз қозғалды.

Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарға қатысты іздестіру жұмыстары және жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру шараларына да ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша сарапшылар көтерілген мәселелерге қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі