«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық грантының иегері қазақстандық композиторлардың шығармалар жинағын таныстырды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық грантының иегері қазақстандық композиторлардың шығармалар жинағын таныстырды

Алматы қаласында «Giovani Talenti камералық оркестрінің репертуарындағы қазақстандық композиторлардың шығармалары» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Бұл жинақ республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында басылып шықты. Іс-шара Қазақстандағы академиялық музыка мәдениетінің негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың туған күніне орай ұйымдастырылды.

Жобаның авторы – халықаралық байқаулардың лауреаты Аршат Шәріп. 2024 жылы ол «Мәдениет» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантының жеңімпазы атанды.

Жинақта қазіргі қазақстандық авторлардың камералық оркестрге лайықталған шығармалары бар. Бұл кітаптың мақсаты – жас орындаушылар үшін ұлттық репертуардағы шығармалардың қорын көбейтіп, жинақтау. Шығармаларды Giovani Talenti камералық оркестрі орындаған. Оркестр құрамында Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 25 жас музыканты бар.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдан бері табысталып келеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі