Қазақстан «Navruz Youth World Festival» атты бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысуда

Қазақстан «Navruz Youth World Festival» атты бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысуда

Осы күндері Тәжікстанда Наурыз мерекесіне орай «Navruz Youth World Festival» бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр. Іс-шараға 26 елдің делегаттары, соның ішінде Қазақстанның белсенді жастары мен волонтерлері қатысуда.

Халықаралық фестиваль мәдени алмасуды дамытуға, Наурыз мейрамын жаңару мен достықтың символы ретінде насихаттауға, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған. Фестиваль аясында білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология мәселелері қарастырылып, жастар саясатының негізгі міндеттері талқыланды.

Фестивальдің әр күні Тәжікстанның түрлі қалаларында өтеді. Іс-шара Душанбе, Айни, Пенжакент, Истаравшан және Худжанд қалаларында ұйымдастырылады. Бағдарламада білім беру және пікірталас алаңдары, стартап зертханалары, спорттық жарыстар, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шаралар бар.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі