ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Александр Александрович Совостьянов «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығын бітірген.
Ол әр жылдары медиа-индустрия саласында, соның ішінде «Нұр Медиа» холдингіне қарасты «Эра ТВ» (Жетінші арна) телеарнасында және «Астана» телеарнасына кіретін РДВ компаниясында жұмыс істеді.
2013-2019 жылдары «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры директорының қоғаммен байланыс және маркетинг бойынша орынбасары болып қызмет еткен.
Бұл тағайындауға дейін «Астана Балет» театрының директоры қызметін атқарған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі