Алматы облысында Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті

Алматы облысында Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті

Алматы облысында Өтеген Батыр ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан «Sagadat Batyr» халықаралық ашық турнирі өтті.

4 жастан 13 жасқа дейінгі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 400-ден астам спортшы қатысты. Жас спортшылардың жекпе-жегін Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, Олимпиада чемпионы Василий Жиров және Сағадат Нұрмағамбетовтің қызы Айсұлу Нұрмағамбетова сияқты құрметті қонақтар тамашалады.

Турнирдің басты мақсаты – қаһарман батырларымыздың ерлігін ұлықтау, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі