Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жыл қорытындысы: креаторларды қолдау және азаматтық қоғамды дамыту

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жыл қорытындысы: креаторларды қолдау және азаматтық қоғамды дамыту

Мемлекет басшысының белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізудеҚоғамның өзекті мәселелерін шешуге азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасалудаВолонтерлер қозғалысы қарқын алудаМинистрлік 2024 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысын ұсынды

 

Креативті индустриялар

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында креативті индустрияларды қолдау бойынша шаралар кешені әзірлендіКреативті индустриялар субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілдіИнфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Республика бойынша 10 креативті орталық пен хаб ашылды

 

Волонтерлер қозғалысын қолдау

Волонтерлер қозғалысының дамуында оң динамика қалыптастыБелсенді волонтерлер саны 200 мыңнан (2022) 240 мыңға (2024) дейін өстіВолонтерлік қызметті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 3-4 қазанда АӨСШК Жастар кеңесінің қамқорлығымен АӨСШК-ге мүше 14 мемлекеттен 450 адам қатысқан Волонтерлер слеті өтті

Жыл сайын волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға 50-ден астам волонтерлік жобалар жүзеге асырылып, 240 шағын гранттар. 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына жіберілді. 2021-2023 жылдар аралығында 9 волонтер жіберілді

 

Қоғамдық кеңестер құрамындағы жастар

Қоғамдық кеңестердегі жастардың үлесі 2022 жылғы 4,1%-дан 2024 жылы 12%-ға дейін өсті

Қазақстанда 262 қоғамдық кеңес жұмыс істейді (оның 36-сы орталық, 226-сы жергілікті деңгейде). Қоғамдық кеңестерде барлығы 4 мыңға жуық адам болсаоның 86%-ы азаматтық қоғам өкілдері. 63 қоғамдық кеңес 100% азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады

 

Қайырымдылықты дамыту

Заңнамаларды жетілдіру жұмыстары жүргізілудеМемлекеттік органдардыңқайырымдылық ұйымдарыныңквазимемлекеттік және бизнес секторларының өкілдерінен жұмыс тобы құрылды

Ұсынылып отырған шаралар жеке тұлғалардың тек өздерінің немесе жақын туыстарының пайдасына қайырымдылық жинақтарын реттеугеқайырымдылық ұйымдарының міндетті есептілігін енгізуге және бірыңғай цифрлық қайырымдылық платформасын құруға бағытталады

 

Жастар еңбек жасақтары қызметін трансформациялау

Жастарды маусымдық жұмыспен қамтудың жаңа бағыттарын құру арқылы (инженерлікауылшаруашылықпедагогикалыққұрылыс және т.б.) жыл сайын кемінде 30 мың адам қамтылды