Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының«Бір ел» жастар жобасы бастау алды

Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының«Бір ел» жастар жобасы бастау алды

Атырау қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы бастау алды.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және ауыл жастары мен волонтерлер қатысты.

Спикерлер мәдениетаралық диалогты дамыту, ортақ мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау, азаматтар мен жастардың тарихи-мәдени мұраны зерделеуге қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға тарту, жалпыұлттық бірлік, сондай-ақ қасиетті орындарды танымал етудің маңыздылығын атап өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі