Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.
Комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарады. Қорытындысы бойынша 47 үміткер жеңімпаз деп танылды.
Марапаттау рәсімі 5 желтоқсанда – Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Астана қаласында өтеді.
2024 жылғы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы лауреаттарының тізімі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі