«Кавказ тұтқыны» және «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» атты культтық фильмдерге жазылған музыканың авторы Александр Зацепин Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

«Кавказ тұтқыны» және «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» атты культтық фильмдерге жазылған музыканың авторы Александр Зацепин Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 80 жылдық мерейтойын атап өтуде, осыған орай Александр Зацепин — танымал композиторлардың бірі де бірегейі, «Кавказ тұтқыны», «Бриллиантовая рука», «12 стульев», «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» фильмдері музыкасының авторы — жылы құттықтауын жолдап, шығармашылығының қалыптасуына туған оқу орнының қосқан үлесін атап өтті.

«Мен 50-ші жылдары оқуға түстім. Евгений Григорьевич Брусиловскийден дәріс алдым. Профессура өте жақсы әрі қызықты болды. Мұнда көптеген адамдармен таныстым, композиторлар Рахмадиев, Мендығалиев, Мухамеджановтармен достық қарым-қатынаста болдым. Мен тек музыкалық мектепті аяқтап, басқаша білім алған жоқпын, ал осы консерватория маған көптеген нәрселерді үйретті. Рахмет! Оны өмір бойы есімде сақтаймын», — деді Александр Сергеевич.

Композитордың үлкен өнерге деген жолы Алматы қаласынан басталды. Мұнда ол композиция мен пианино бойынша білім алды, «Қазақфильм» киностудиясында алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы жетістігі болып саналатын «Біздің қымбатты дәрігер» (1958) фильмінің музыкасын жазған.

80 жылдың ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы көптеген танымал музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Есімі танымал түлектерінің қатарында Бибігүл Төлегенова, Әлибек Дінишев, Алан Бөрібаев, Абзал Мұхитдинов, Нұржамал Үсенбаева, Медет Шотабаев және басқа да көптеген музыканттар, соның ішінде Александр Зацепиннің өзі бар.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай 30-дан астам іс-шарадан тұратын ауқымды марафон ұйымдастырылды. 3 желтоқсан күні Республика Сарайында гала-концерт өтеді, ал салтанатты тойлау 20 желтоқсанда Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында гранд-финалмен аяқталады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі