Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері» тақырыбында семинар өтті.
Қатысушылар азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс пен конструктивті диалогтың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру тетіктері, қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау жұмыстарын, ҮЕҰ-мен өзара байланыс, ҮЕҰ дерекқорын енгізу секілді өзекті мәселелерді талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға талқыланған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар беріліп, одан әрі жұмыс үшін кеңестер берілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі