Астанада «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Мың бала» жобасы мектеп жасына дейінгі балаларды, мектеп оқушылары мен түрлі этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге тарту, сондай-ақ оларды шығармашылық арқылы қазақ халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуға, қазақстандық бірегейлікті насихаттауға және халық бірлігін нығайтуға бағытталған.

Іс-шара аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының 2015-2024 жылдардағы жеңімпаздары өнер көрсетті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі