«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында «V Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Іс-шара қазақ археологиясы мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихын зерттеуші, көрнекті археолог-ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 100 толуына орай ұйымдастырылды.
Конференцияда Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жолдары, далалық ізденістер нәтижелері бойынша тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу және қорғаудың әдістемелері, пәнаралық зерттеулер мен музей ісінің мәселелері талқыланды.
Конференция аясында К.Ақышевқа арналған мемориалды зал мен көрме ашылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі