Республикалық әншілер байқауы: Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті Бас жүлдені иеленді

Республикалық әншілер байқауы: Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті Бас жүлдені иеленді

Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ж.Елебеков атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың ІІ республикалық байқауы өтті.

Байқау колледж тарапынан әншінің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Бас жүлдені Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Асқат Ермұратұлы иеленді.

Іс-шара барысында Ж.Елебековтың репертуарындағы барлық әндер шырқалды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 қатысушының 15-і екінші кезеңге өтті. Байқау нәтижесінде олар Дипломант атағын, Көрермендер көзайымы жүлдесін және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі