Қарағандыда этносаралық қатынастар мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Қарағандыда этносаралық қатынастар мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Бүгін Қарағанды қаласының Достық үйінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинарда этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары, міндеттері мен негізгі бағыттары талқыланып, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.

Спикерлер этносаралық интеграция мен келісімді қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде этносаралық коммуникацияларды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, этностарды біріктіру және ұлт бірлігін қалыптастыру үшін, әсіресе жастар арасында патриотизм мен жалпыазаматтық құндылықтарды тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

Этносаралық инциденттердің уақытылы алдын алу және этномедиацияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикер тұрақтылықтың негізгі факторы этникалық тегіне қарамастан, азаматтардың құқықтарының теңдігін сақтау, қандай да бір кемсітушілік пен ксенофобияға жол бермеу болып табылатынына баса назар аударды.

Сонымен қатар, этносаралық негіздегі кез келген инциденттердің алдын алу бойынша мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының тиімді жұмысы үшін этносаралық саладағы өзара іс-қимыл алгоритмдерін қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

Семинар этносаралық саладағы диалог пен тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі