Алматыда Раис Баширидің жеке көрмесі ашылды

Алматыда Раис Баширидің жеке көрмесі ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде суретші Раис Баширидің «Айналамыздағы ғалам» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрме абстрактілі өнер арқылы ғалам философиясы мен ғарыш құпияларын зерттейтін суретшінің көп қырлы әлеміне үңілуге мүмкіндік береді. Көрермен хаоста үйлесімділік табуға ұмтылып, шындық пен ғаламға жаңа көзқараспен қарауды үйренеді.

Суретші Раис Баширидің әрбір туындысы әр жарық бөлшегінің қуатын сезіну үшін бояуды ырғақпен қолдана отырып, кең палитра кенеп бетіне түскен түпсана кітабы секілді. Галактикалық пішімдер мистикалық энергиямен ұштасып, шексіздіктің пердесін ашып көрсететіндей.

Монументалды туындылар философия мен автордың жеке сезімдері арқылы көрерменді түсіне енген бейнелермен, заман белгісімен және әлемнің жасырын сырларымен жүздестіреді.

Көрме 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі