Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі үстіміздегі жылдың 21 қарашасында «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп БАҚ өкілдері үшін волонтерлік және әлеуметтік жобаларды әдепті жариялау бойынша семинар өткізу жоспарланғанын хабарлайды.
Оқытуда әлеуметтік, волонтерлік, қайырымдылық жобаларын жариялау тетіктері мен принциптері талқыланады. БАҚ өкілдері сезімтал ақпаратпен жұмыс істеудің этикалық нормаларын ескере отырып, еріктілермен, ұйымдармен өзара іс-қимылдың теориялық және практикалық құралдарын талдауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, семинар тыңдаушылары әлеуметтік маңызды жобаларды сапалы қамту үшін практикалық ұсыныстары бар жадынамалар алады.
Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., «Нұрлы Орда» БО Қабанбай батыр даңғ., 11/5, 6 қабат. Ү.ж. 21 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін семинар қазақ тілінде, ал 15.00-ден 17.00-ге дейін орыс тілінде өтетінін ескеруді сұраймыз.
БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/D9svfLJU7Q5eZ7Pa8
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады: 87059608030, Досымбетов Айбек - Ұлттық еріктілер фронт-офисінің басшысы.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі