2024 жылғы 7 қарашада сағат 16:00 онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді.
Отырыста Көру қабілеті бұзылған адамдардың ақпаратқа қол жеткізуі (сөйлеу синтезі, экрандық диктор), сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланатын болады.
Комиссия отырысының трансляциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook-нің ресми парақшасында өтеді https://www.facebook.com/madenietaqparat?mibextid=LQQJ4d.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі