Қонаев қаласында этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ҚХА Журналистер клубының отырысы өтті

Қонаев қаласында этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ҚХА Журналистер клубының отырысы өтті

Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті. Жиында этносаралық қатынастардың негізгі мәселелері және олардың дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі талқыланды.

Іс-шараға Ұлытау, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар мен Журналистер клубының мүшелері қатысты.

Спикерлер елдегі этносаралық қатынастарды үйлесімді дамыту мен ел бірлігін нығайтуда, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттауда, азаматтардың арандатушылық пен деструктивті ақпаратқа иммунитет қалыптастыруда, әлеуметтік желілердегі этносаралық тақырыпта, әсіресе «араздық тілінің» алдын алу үшін БАҚ-тың рөлі маңызды екенін атап өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚХА хатшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы жұмысқа ҮЕҰ мен БАҚ-ты тарта отырып, танымдық, мәдени және өзге де шаралар кешенін іске асырып келеді.

Бұл тұрғыда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, ҮЕҰ мен БАҚ-ты да әдістемелік қолдау маңызды.

Отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді ортаға салды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі