Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Архив-2025» бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесін жарыққа шығарды.

Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеді.

Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген.

Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі