Қызылорда облысында креаторларға арналған бизнес-клуб ашылды

Қызылорда облысында креаторларға арналған бизнес-клуб ашылды

Қызылордада CREATIVE ORDA бизнес-клубы ашылды. Бұл бастама креативті бизнес өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу, нетворкингті және отандық брендті қолдауға бағытталған. Аталған клубта кәсіпкерлер үшін практикалық жұмыстар мен мастер-класстар өткізілетін болады.

Қазіргі уақытта клубқа 30 кәсіпкер мүше болып тіркелген.

Кызылорда облысында жалпы 3467 креативті индустрия субъектісі жұмыс істейді. Негізгі бағыттары – қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі