2024 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді.
Көрме халықтың сүйіктісі Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті аясында әртістің шығармашылық жолы мен жетістіктерін көрсететін бірегей мәдени кеңістік құруға бағытталған.
«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесіне қазақ жанының болмысын бейнелейтін, оның қайталанбас үнін қалыптастырған, өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабар беретін құндылықтар, танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйерлердің сыйлықтары ұсынылады.
Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты келесі бөлімдерден құралған:
Көрме 6 қазанға дейін жалғасады.
БАҚ өкілдерінің назарына! Аккредитацияны nmrk.muzei@mail.ru поштасына 11 қыркүйек күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі