
Жыл сайын 5 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 2012 жылғы қарарымен бекітілген Халықаралық қайырымдылық күні атап өтіледі.
2022 жылы қайырымдылық мәдениетін қолдауға арналған «Қайырымдылық туралы» Заңға өзгерістер енгізілді.
Енгізілген түзетулердің арқасында қайырымдылық ұйымдарына мемлекеттік меншік объектілерін жеңілдікпен пайдалану мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар, елімізде мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және қоғамдық жобаларды дамытуға бағытталған бастамалар саны белсенді өсуде.
Көптеген компаниялар мен кәсіпкерлер әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетуде. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық мәселелерді шешуге қатысуға ықпал етуде.
Елімізде медициналық көмектен бастап білім беру мен қоршаған ортаны қорғауға дейінгі түрлі салаларда жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдары мен қорлар санының өсуі байқалады. Бүгінгі таңда елімізде 1 371 қайырымдылық ұйымы тіркелген.
Сондай-ақ, еліміздеде қарапайым белсенді азаматтарды біріктірген еріктілер ұйымдары мен бастамалар санының өсуі байқалады. Қазақстанда 740 волонтерлік ұйым және 1800 бастамашыл топ жұмыс істейді.
Кейінгі жылдары елімізде 12 мыңнан астам ірі қайырымдылық науқандары мен акциялары өткізілді.
Қазақстандықтардың 27%-дан астамы қайырымдылық акциялары мен жобаларға белсенді қатысады.
Көптеген қазақстандық компаниялар әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын терең түсініп, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысуда. Мысалы, көптеген ірі корпорациялар өз қорларын құрады немесе қолданыстағы бастамаларды қолдайды. Сондай-ақ қаражат жинау және көмек көрсету үшін корпоративті іс-шаралар ұйымдастырады.
2023 жылдың өзінде қайырымдылық жасаушылар мен еріктілер 1 миллион азаматқа көмек берді.
Кейінгі жылдары мемлекеттік құрылымдар қайырымдылыққа көбірек көңіл бөле бастады. Әлеуметтік жобаларды қолдау, қайырымдылық ұйымдарына гранттар мен салықтық жеңілдіктер беру шаралары қолға алынды. Мұндай шаралар ҮЕҰ-ның өсуі мен тұрақтылығына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде елдегі қайырымдылықтың жалпы деңгейіне оң ықпал етеді.
Мемлекеттік деңгейде «Шапағат» медалімен және қайырымдылық саласындағы құрметті атақпен марапаттау сияқты қайырымдылықты ынталандыру шаралары енгізілді.
Бұл факторлар қайырымдылық саласында оң динамиканы қалыптастырып, тұрақты дамуына ықпал етеді. Әлеуметтік инвестициялардың маңыздылығын ұғынып, қоғам өмірін жақсартуға өз үлесін қосуға ұмтылатын қарапайым қазақстандықтар мен ұйымдар саны жыл санап артып келеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі