Жетісу облысында журналистің кәсіби қызметінің құқықтық және этикалық аспектілері талқыланады

Жетісу облысында журналистің кәсіби қызметінің құқықтық және этикалық аспектілері талқыланады

Биылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жетісу облысының әкімдігімен бірлесіп, журналистерге арналған «Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық және этикалық аспектілері» атты оқыту курсын ұйымдастырады.

Спикер ретінде жетекші медиа сарапшылар, медиа жаттықтырушылар сөз сөйлейді, олар негізгі құқықтық нормаларды, журналистикадағы кәсіби этикалық принциптерді, медиа этиканың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді.

Іс-шараға БАҚ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Оқыту курсы мына мекенжай бойынша өтеді: Талдықорған қ., Жетісу облысының әкімдігі, Назарбаев даңғ., 38, 1 қабат, «Open Jetisu» аудиториясы  

Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ журналистер үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады https://us06web.zoom.us/j/6391372376?pwd=MhLFVoDO9C5MgiPh4jJBmbiLnw8SB1.1 (конференция идентификаторы: 639 137 2376, кіру коды: 123456).

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланы нөмірі бойынша хабарласуға болады +7 7172 740186.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Бағдарлама